Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан-Түрікменстан мемлекеттік шекарасының режимі туралы келісім ратификацияланды

Шекара, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.04.2023 18:03 Сурет: Zakon.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан-Түрікменстан мемлекеттік шекарасының режимі туралы келісімді ратификациялау туралы Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасындағы Қазақстан-Түрікменстан мемлекеттік шекарасының режимі туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, делінген Ақорда хабарламасында.

Заң мәтіні баспасөзде жарияланатыны да нақтыланады.

"Заң мемлекеттік шекарада Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы қатынастардың құқықтық негізін белгілеуге және реттеуге бағытталған. Келісімде Қазақстан – Түрікменстан мемлекеттік шекарасының режимін белгілеу және Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін одан әрі нығайту көзделеді", – деді 20 сәуірдегі заң талқысында Сенат депутаты Әлішер Сатвалдиев.

Заңның мақсаты - 2021 жылғы 25 қазанда Ашғабат қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасындағы Қазақстан – Түрікмен мемлекеттік шекарасының режимі туралы келісімді ратификациялау.

Келісімнің нормаларына сәйкес Қазақстан – Түрікменстан мемлекеттік шекарасының режимі шекарада және шекара маңы белдеулерінде әрекет ететін қағидаларда айқындалады, ол мынадай:

- Қазақстан – Түрікменстан мемлекеттік шекарасын күтіп-ұстау;

- адамдардың, көлік құралдарының Қазақстан – Түрікменстан мемлекеттік шекарасын кесіп өтуі және ол арқылы жүктерді және өзге де мүлікті өткізу;

- Қазақстан – Түрікменстан мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктерді және өзге де мүлікті өткізу;

- Қазақстан – Түрікменстан мемлекеттік шекарасы мен шекара белдеулерінің үстінен ұшуларды жүзеге асыру;

- Қазақстан – Түрікменстан мемлекеттік шекарасында, шекаралық белдеулерде, сондай-ақ шекаралық сулар шегінде шаруашылық, кәсіпшілік, зерттеу, іздестіру немесе өзге де қызметті жүргізу, қоғамдық-саяси, мәдени және өзге де іс-шараларды өткізу (оның ішінде оларды пайдалану);

- шекаралық оқыс оқиғаларды шешу тәртібі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: