Қазақстандық бизнестің ТМД нарығына шығуы үшін қолайлы жағдай жасайтын келісім ратификацияланды

Қол қойды, Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстандық бизнес, ТМД нарығына шығу, келісім, ратификациялау, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.04.2025 18:08 Сурет: Zakon.kz
2025 жылы 28 сәуірде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Көрсетілетін қызметтердің еркін саудасы, инвестициялардың құрылуы, қызметі және жүзеге асырылуы туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Мемлекет басшысы "Көрсетілетін қызметтердің еркін саудасы, инвестициялардың құрылуы, қызметі және жүзеге асырылуы туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", делінген Ақорда жариялаған құжатта.

Айта кетсек, аталған келісімнің негізгі міндеттері ретінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының еркін сауда аймағының орнықты дамуын қамтамасыз ету, сондай-ақ ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің экономикасының одан әрі өсуі үшін қолайлы жағдайлар жасау белгіленген.

"Келісімнің тараптарына Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан Республикасы және Ресей Федерациясы кіреді. Қазақстан Республикасының Ресеймен, Қырғызстанмен, Армениямен және Беларусьпен қызметтерін сату шарттары Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде реттеледі. Тәжікстанмен қызметтер саудасы олардың Дүниежүзілік сауда ұйымы шеңберіндегі міндеттемелерінде көзделген шарттармен жүзеге асырылады. Өзбекстан Дүниежүзілік сауда ұйымының және Еуразиялық экономикалық одақтың мүшесі емес, сондықтан бұл келісім қазақстандық бизнестің Өзбекстан қызметтері нарығына преференциялық қолжетімділігін қамтамасыз етудің маңызды тетігі", - деді сенатор Серік Шайдаров 17 сәуірдегі Сенат отырысында.

Келісім шеңберінде инвестор мен келісім тарапы арасындағы инвестициялық дауларды шешу тетігі көзделген. 

Қызметтердің еркін саудасы туралы келісімнен күтілетін әсер:

  • қазақстандық қызметтер үшін өткізу нарығын кеңейту. Оның ішінде, өзбек нарығына қолжетімділікті оңайлату қазақстандық компанияларға көрші елде өзінің қатысуын кеңейтуге мүмкіндік береді, бұл қызметтер экспортының көлемін ұлғайтады;
  • сауданы ырықтандыру – импорт көлемінің өсуіне мүмкіндік береді, өзара сауданың көлемін өсіреді;
  • кедергілер мен әкімшілік шектеулердің төмендеуі бизнестің көршілес нарыққа белсенді шығуына мүмкіндік береді. Бұл қызмет көрсету саласына инвестициялардың өсуіне ықпал етеді.

 Бұған дейін Мемлекет басшысының Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевті қабылдағанын жазғанбыз

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: