Экологтар дабыл қақты: Каспий теңізі түбінен көтерілген шаң Атырауға қарай соғуда
Сурет: Instagram/atyrauecodep
Каспий теңізінің таяз түбінен шаң көтеріліп, Атырау қаласына қарай соғуда. Бұл туралы 2026 жылы 27 ақпанда облыстық экология департаменті ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.
27 ақпанда, болжам бойынша, Каспий теңізінің таяз түбінен шаңды дауыл көтеріліп, Атырау қаласының аумағына қарай соғуда. Қазгидрометтің мәліметіне сәйкес, желдің жылдамдығы секундына 10-13 метрге дейін жетеді, бағыты – оңтүстік-шығыс, теңіз жағынан.
"Ауа мониторингі станцияларында ластаушы заттардың шекті көлемі рұқсат етілген нормалардан асып кетуі байқалмайды.ТЖД және Ақжайық резерватының мәліметтері бойынша, қазіргі уақытта облыс аумағында өрт жағдайлары тіркелген жоқ. Атырау облысы бойынша экология департаменті шаңды дауыл кезінде қатты қажеттілік болмаған жағдайда үйде болуды ұсынады". Атырау облысының экология департаменті
Өз кезегінде Экология департаментімен атмосфералық ауаның сапасына тұрақты түрде мониторинг жұмыстары жүргізіліп жатқаны нақтыланады.
Бұған дейін Қазақстан 51 жыл бойы сақталған температуралық рекордты жаңартқаны хабарланған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript