Алимент шетелде жүрген борышкерлерден де өндіріледі

Деньги, тенге, судебные выплаты, алименты, пособие на ребенка, пособие на детей, содержание, семейные выплаты, деньги на ребенка, ребенок, дети, семья , сурет - Zakon.kz жаңалық 05.03.2026 09:43 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Енді Қазақстан азаматтары шетелде жүрсе де алимент төлеуден жалтара алмайды. Мәжіліс трансшекаралық алимент өндіруге қатысты халықаралық келісімді мақұлдады.

Бұған дейін Қазақстан 17 мемлекетпен тиісті келісім жасасқан. Олардың қатарында Беларусь, Молдова, Грузия, Корея, Қырғызстан, Литва, Моңғолия, Пәкістан, Өзбекстан, Қытай, Әзербайжан, Вьетнам, Түрікменстан, Түркия, Үндістан, БАӘ және Иран бар. Енді бұл тізімге ТМД елдері де қосылып отыр, деп жазады qazaqstan.tv.

Жаңа келісімге сәйкес, егер борышкер осы мемлекеттердің бірінде жүрсе, Қазақстан сотының алимент өндіру туралы шешімі сол елдерде де орындалады.

ҚР Әділет министрі Ерлан Сәрсембаевтың айтуынша, Қазақстан азаматтары шетелде жұмыс істеп, тұрып, отбасын құрып жатады. Соған байланысты трансшекаралық отбасылық даулар да көбейген. Мұндай істерде ең өзекті мәселе – алименттің төленбеуі.

Ратификацияланған заңға сәйкес, Қазақстан сотының шешімі ТМД елдерінде тікелей орындалуға жіберіледі. Құжатты алғаннан кейін 15 күн ішінде тиісті органдар шешім қабылдап, алимент өндіру процесін бастауға тиіс.

Бұл шара борышкерлердің жауапкершіліктен жалтаруын азайтып, балалардың құқығын халықаралық деңгейде қорғауды күшейтеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: