Астанада жерасты тоннельінде болған "ерекше" жол апатының мән-жайы белгілі болды

Астанада жерасты тоннельінде болған "ерекше" жол апатының мән-жайы белгілі болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.03.2026 14:30 Сурет: pixabay
Астанада болған "ерекше" жол-көлік оқиғасы видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Instagram желісінде жарияланған видеода көлік тоннель ішінде келе жатып, кенеттен алдымен солға, кейін оңға қарай бұрылып кетеді. Артынша автомобиль қабырғаға соғылып, төңкеріліп, аударылып қалады.

Астана қалалық полициясы оқиғаның мән-жайын түсіндіріп берді.

"Changan маркалы автокөліктің жүргізушісі Бараев көшесі бойымен жерасты тоннелі арқылы келе жатқан кезде көлікті басқара алмай қалған. Соның салдарынан ол бордюрге және тоннель қабырғасына соғылып, кейін көлік аударылған. Жол апаты салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Ал Changan көлігінің жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды",- делінген ақпаратта.

Бұған дейін Алматыда түн ортасында "жүйрік гелик" ұйымдастырған жол апаты туралы жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: