Астанада жанжал шығарған екі шетелдікке Қазақстанға кіруге тыйым салынды

Зал суда, суд, молоток судьи, судья, приговор, уголовный кодекс РК, судебный процесс, зачитывание приговора, приговор, правосудие, закон, судебная система , сурет - Zakon.kz жаңалық 10.03.2026 16:51 Фото: pixabay
Астананың орталығында қоғамдық тәртіпті бұзған екі шетелдік елден кетіп үлгергенімен, жазадан құтыла алмады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлеуметтік желілерде шетел азаматтарының әдепсіз әрекеті түсірілген бейне тараған. Онда Достық көшесінде, "Нұрсая-2" тұрғын үй кешенінің жанындағы ән салатын субұрқақ маңында мас күйдегі шетелдіктің дәрет сындырғаны көрсетілген.

Астана қаласының полициясы бұл жағдайға қатысты түсініктеме берді.

"Полиция қызметкерлері тәртіп бұзған азаматтардың жеке басын анықтады. Олар – 35 және 49 жастағы екі шетел азаматы. Олардың тұлғасы анықталған кезде олар Қазақстан Республикасының аумағынан шығып үлгерген. Соған қарамастан, кінәлі азаматтарға бес жыл мерзімге Қазақстанға кіруге тыйым салынды", – деп хабарлады Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ішкі істер министрлігі бұл азаматтарға қатысты тиісті шаралар қабылдау үшін Сыртқы істер министрлігіне ақпарат жолдаған.

Полиция өкілдері Қазақстан аумағында жүрген барлық адамдар, азаматтығына қарамастан, қоғамдық тәртіп пен әдеп нормаларын сақтауға міндетті екенін атап өтті.

Бұған дейін Астанада тағы бір шетелдік әуежайда мәдениетсіз әрекет жасағаны үшін жауапкершілікке тартылғаны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: