Тоқаев республикалық референдум барысында жүргізілген экзитпол қорытындысымен танысты

Тоқаев республикалық референдум барысында жүргізілген экзит-полл қорытындысымен танысты, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.03.2026 03:11 Сурет: akorda.kz
"Қазмедиа орталығының" студиясында экзитпол нәтижелері таныстырылғаннан кейін Мемлекет басшысы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, бүгін – Қазақстан үшін тарихи күн. Еліміздің азаматтары конституциялық реформаны қолдап, референдумға белсенді түрде қатысты.

"Отанымыздың болашағын ойлап дауыс берді. Бұл – өте жақсы оқиға. Қазір ғана экзитполдың нәтижелері шықты. Соған сәйкес қазақ елі түбегейлі тарихи таңдауын жасады. Халқымызға шынайы ризашылығымды айтқым келеді. Бүгін жұртымыз дауыс беріп, Қазақстанның тарихын, тағдырын айқындады", - деді ол.

Мемлекет басшысының сөзінше, бұл шешім дүние жүзі тарихында мәңгі сақталады.

"Бұл мәселе бойынша ешқандай күмәнім жоқ. Өйткені бұл – азаматтарымыздың бойындағы нағыз отаншылдық нышаны. Енді жыл сайын 15 наурызды – Конституция күні, яғни, еліміздің ең басты мерекесінің бірі ретінде қарсы аламыз. Себебі Қазақстан халқы жаңару мен жаңғыру үшін дауыс берді. Бұл – біздің бәрімізге ортақ жетістік. Баршаңызды шын жүректен құттықтаймын!", – деді Тоқаев.

Еске салайық, бұған дейін "Социс-А" ҚР жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі референдумдағы экзитпол нәтижелерін жариялағанын хабарлаған едік.

Сондай-ақ Еуразиялық интеграция институты жүргізген экзитпол нәтижелері белгілі болды.

Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазмедиа" орталығында республикалық референдум аясындағы үгіт-насихат науқанына белсенді қатысқан жастармен кездесті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: