Әнші Рахат Тұрлыхановтың отбасындағы жанжал: іс прокурорға жолданды

Әнші Рахат Тұрлыхановтың отбасындағы жанжал: іс прокурорға жолданды, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.03.2026 10:27 Сурет: Instagram/Rakhat Turlykhanov
Алматы қаласының сотында қазақстандық әнші Рахат Тұрлыхановқа қатысты іс бойынша түсініктеме берілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тараған мәліметке сәйкес, мамандандырылған ауданаралық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі сотта Тұрлыхановқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы 1-бөлігі (отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы әрекеттер) бойынша іс қаралған.

"Хаттамаға сәйкес, Т. үйінде жұбайымен жанжал шығарып, оны балағаттап, қорқытып, айқайлап, үй ішіндегі тыныштықты бұзған", – деп хабарлады сотта.

Соттың мәліметінше, ҚР ӘҚБтК-нің 742-бабына сәйкес іс материалдары жәбірленушінің құқық қорғау органдарына жүгінген кездегі дене жарақатын салу туралы бастапқы арызын ескере отырып, қылмыстық құқық бұзушылық белгілерінің бар-жоғын тексеру үшін прокурорға және сотқа дейінгі тергеп-тексеру органына жолданған.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Еске салсақ, 2026 жылғы 16 наурызда танымал әнші Рахат Тұрлыхановтың отбасында тағы бір жанжал болғаны белгілі болды. Бұл алғашқы жағдай емес. 2023 жылдың қазан айында ол жұбайын ұрып-соққаны үшін жауапкершілікке тартылған, алайда сот тараптардың татуласуына байланысты істі тоқтатқан. Ал 2024 жылдың қаңтарында Алматы қалалық соты істі қайта қарап, әйелін қайта соққыға жыққаны үшін оны 10 тәулікке қамауға алған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: