Рахат Тұрлыхановқа қатысты кезекті дау: Алматы полициясы қылмыстық істі тоқтатты

Домашнее насилие, бытовое насилие, жертва насилия, насилие над женщинами, физическое насилие, насилие, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.04.2026 09:42 Фото: pexels
Қазақстандық экс-музыкант Рахат Тұрлыхановқа қатысты қылмыстық іс тоқтатылды. Бұл туралы Zakon.kz-ке Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, 2026 жылғы 16 наурызда Тұрлыхановтың отбасында кезекті жанжал орын алғаны белгілі болды. Ол жұбайын ұрып-соқты деген күдікпен ұсталып, кейін ісі прокурорға жолданған.

2026 жылғы 22 сәуірде Алматы ПД баспасөз қызметі аталған дерек бойынша Медеу аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғағанын хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында оқиғаның барлық мән-жайы жан-жақты зерделеніп, қажетті материалдар жиналып, қолданыстағы заңнамаға сәйкес процессуалдық әрекеттер жүргізілген.

Алайда арызданушы тарап өз талаптарынан бас тартып, істі әрі қарай қарауға қатысудан бас тартқан.

Осыған байланысты қылмыстық іс заңды негізде тоқтатылды.

Айта кетейік, Рахат Тұрлыханов бұған дейін де құқық қорғау органдарының назарына іліккен. 2023 жылғы қазанда ол жұбайын ұрып-соққаны үшін жауапкершілікке тартылғанымен, іс тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылған. Ал 2024 жылғы қаңтарда Алматы қалалық соты істі қайта қарап, оны жұбайын қайта ұрып-соққаны үшін 10 тәулікке қамауға алған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: