Оралда 16 жастағы қызды зорлады деп айыпталған экс-шенеунік көз жұмды

Машина полиции, полицейский автомобиль, полицейские, полиция, автомобиль полиции, полицейская машина, патрульная машина, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.03.2026 12:44 Фото: unsplash
Кәмелетке толмаған қызды зорлады деп айыпталып, тергеуде болған БҚО Шыңғырлау ауданы әкімдігінің бұрынғы қызметкері көз жұмды. Жағдайды облыстық Полиция департаменті растады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның мәліметінше, 11 наурыз күні ұсталған азаматтың денсаулығы күрт нашарлап, ол уақытша ұстау изоляторынан жедел түрде облыстық көпсалалы аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген.


"Диагнозы: бауырдың уытты зақымдануы, бауыр некрозы, кетоацидозбен инсулинге тәуелсіз қант диабеті. 16 наурыз күні сағат 18:10-да есін жимастан қайтыс болды. Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жан-жақты тексеру жүргізілуде", – деп мәлімдеді құқық қорғау органдары 2026 жылғы 17 наурызда.

Облыстық полиция департаментінде тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайтыны атап өтілді.

2026 жылғы 23 ақпанда кәмелетке толмаған қызды зорлады деген ақпарат тараған болатын. Алдын ала мәлімет бойынша, полицияға жәбірленушінің әкесі жүгінген. Оның айтуынша, 2 қаңтар күні ер адам оның кәмелетке толмаған қызын үйіне алдап шақырып, зорлық көрсеткен.

Батыс Қазақстан облысы полициясы бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы ("Кәмелетке толмағанды зорлау") бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Сондай-ақ күдіктіге қатысты "қамауда ұстау" бұлтартпау шарасын қолдану мәселесі тергеу әрекеттері жүргізілгеннен кейін шешілетіні айтылды.

25 ақпанда Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов БҚО-дағы қызды зорлау дерегі бойынша іс қайта жандандырылғанын мәлімдеді. Ол сондай-ақ жәбірленуші тараптың шағымына қатысты пікір білдіріп, олардың полиция күдіктіні кінәсін мойындағанына қарамастан босатып жіберді деген мәлімдемесін түсіндіріп берді.

28 ақпанда БҚО-да 16 жастағы қызды зорлады деген күдікпен бұрынғы шенеуніктің ұсталғаны белгілі болды. Оның Шыңғырлау ауданы әкімдігінің бөлімдерінің бірінде жұмыс істегені анықталған, алайда арыз түскеннен кейін қызметінен босатылған.

27 ақпанда облыстық прокуратура күдіктіге қатысты екі айға дейін қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланғанын хабарлады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: