Жақсылық Омарға айып тағылды: сот тыңдауы 19 наурызға белгіленді

Өскемен қаласының қылмыстық сотында Жақсылық Омарды соттайды, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.03.2026 12:48 Сурет: Instagram/zhaksylyk_omar
Өскемен қаласының қылмыстық сотында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары, бұрынғы қала әкімі Жақсылық Омарға қатысты сот басталады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сот материалдарына сәйкес, оған Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлімінің 1 және 2-тармақтары (ірі көлемде алаяқтық жасау) және 366-бабы 3-бөлімінің 3-тармағы (ірі көлемде пара алу) бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады деген айып тағылған.

Қазіргі уақытта Жақсылық Омар қамауда отыр.

Материалдарға сәйкес, іс ашық сот отырысында қысқартылған тәртіппен қаралады. Негізгі сот тыңдауы 2026 жылғы 19 наурызға белгіленген.

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омардың ұсталғаны туралы ақпарат әлеуметтік желілерде 2026 жылғы 13 ақпанда жарияланған. Сол күні өңір әкімдігінің баспасөз қызметі хабарламаға пікір білдірді. Кейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті тергеудің жүргізіліп жатқанын растады.

Жақсылық Омар 2025 жылғы сәуірде Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалған. Бұған дейін, 2024 жылғы желтоқсаннан бастап, ол облыс әкімінің кеңесшісі қызметін атқарған. Ал 2018 жылғы тамыздан 2024 жылғы қарашаға дейін Өскемен қаласының әкімі болып қызмет атқарған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: