Атырау облысындағы отбасы қазасы: іс бойынша жаңа бап қосылды

Задержание, арест, наручники, задержанный, арестованный, преступник, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.03.2026 14:57 Фото: pexels
Атырау облысында бір отбасының қаза табуына қатысты қылмыстық іс бойынша айыптау баптары кеңейтілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық прокуратураның мәліметінше, бұған дейін іс ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі 1-тармағы (екі және одан да көп адамды өлтіру) және 188-бабы 2-бөлігі (ұрлық) бойынша тергеліп келген. Қазіргі уақытта қосымша 190-бап (алаяқтық) бойынша жеке қылмыстық іс тіркелді.

Тергеу деректеріне сәйкес, бұл мал сату және жәбірленушілердің мүлкін иемдену фактілеріне байланысты.

Сонымен қатар, күдікті Ақбаян Мұқанғалиева сот санкциясымен стационарлық сот-психологиялық-психиатриялық сараптама жүргізу үшін арнайы медициналық мекемеге орналастырылды. Қазіргі кезеңде оның әрекеттеріне түпкілікті құқықтық баға берілген жоқ.

Прокуратура өкілдерінің мәлімдеуінше, күдіктілердің әрекеттеріне түпкілікті құқықтық баға барлық сараптамалардың қорытындысы алынғаннан кейін және іс бойынша мән-жайлар толық анықталған соң беріледі. Тергеудің аяқталу мерзімі жүргізілетін тергеу әрекеттерінің көлеміне байланысты болады.

Қадағалау органы азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге шақырып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жария етуге жол берілмейтінін еске салды.

Бұған дейін Ішкі істер министрлігінде Атырау облысы Жаңгелдин ауылында болған резонанстық отбасы қазасы бойынша тергеу қандай Қылмыстық кодекс баптары бойынша жүргізіліп жатқаны хабарланған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: