Тоқаев Константинос Тасуласқа құттықтау жеделхатын жолдады

Тоқаев Константинос Тасуласқа құттықтау жеделхатын жолдады, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.03.2026 10:03 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Грекия президенті Константинос Тасуласқа құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың хабарлауынша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Константинос Тасуласты Грек Республикасының ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

"Қазақстан мен Грекия арасындағы достық пен өзара ынтымақтастыққа негізделген қатынастардың тұғыры берік, әлеуеті зор екенін атап өткім келеді. Болашақта да сан қырлы ынтымақтастығымыз халықтарымыздың игілігі үшін беки түседі деп сенемін", – делінген жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Константинос Тасуластың аса жауапты қызметіне толайым табыс, ал Грекия халқына құт-береке тіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: