Қарағанды облысында жолаушылар тасымалы саласындағы заң бұзушылықтар анықталды

Полиция, полицейский, полицейские, патрульная полиция, патруль, сотрудники полиции, сотрудник полиции, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.03.2026 11:16 Фото: Zakon.kz
Соңғы уақытта көбейген заңсыз жолаушылар тасымалы – сырт көзге ыңғайлы көрінгенімен, шын мәнінде, жолдағы елеулі қатерге айналып отыр.

Төрт күнге созылған рейд барысында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері 300-ден астам құқық бұзушылықты анықтады. Бұл – жай ғана статистика емес, әр санның артында адам өміріне төнген қауіп бар. Ерекше назар "жатып тасымалдау" деп аталатын заңсыз әрекетке аударылды.

Мұндай жағдайда автобустар мен минивэндер рұқсатсыз қайта жабдықталып, стандартты орындықтардың орнына қолдан жасалған жататын орындар орнатылады.

Алайда мұндай "жайлылық" – алдамшы. Ол апат кезінде қауіпті арттырады.

Рейд қорытындылары: Минивэндер (Toyota Alphard, Estima және т.б.) – 153 құқық бұзушылық анықталды, 20 мемлекеттік тіркеу нөмірі алынды, 18 көлік айып тұрағына қойылды. Автобустар – 161 құқық бұзушылық тіркелді, 15 мемлекеттік тіркеу нөмірі алынды, 4 көлік айып тұрағына қойылды.

Патрульдік полиция батальонының командирі Медет Нұрмұхановтың айтуынша, мұндай қайта жабдықтау тек заңға қайшы емес, сонымен қатар жол-көлік оқиғасы кезінде жолаушылардың аман қалу мүмкіндігін күрт төмендетеді.

Тәртіп сақшылары атап өткендей, кейбір тасымалдаушылар жайлылыққа ұмтыламыз деп, өз жолаушыларының өмірін қауіпке тігіп отыр. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады. Әсіресе, қала сыртындағы жолдар мен республикалық маңызы бар трассаларда бақылау одан әрі күшейтіледі.

Полиция тасымалдаушыларды заң талаптарын қатаң сақтауға, ал жолаушыларды өз қауіпсіздігіне бейжай қарамай, тек ресми әрі сенімді тасымал түрлерін таңдауға шақырады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: