Елордада мас күйде көлік жүргізген азамат 20 тәулікке қамалды

Задержание, арест, наручники, задержанный, арестованный, преступник, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.03.2026 16:26 Фото: pexels
Астана қаласында полиция қызметкерлері Тұран даңғылы бойында ВАЗ 21140 автокөлігін тоқтатты.

Тексеру барысында 40 жастағы жүргізушінің алкогольдік масаң күйде екені анықталды. Медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, азаматтың орташа дәрежеде мас болғаны белгілі болды.

Сонымен қатар жүргізушінің көлік құралын басқару құқығын беретін куәлігінің мерзімі өтіп кеткені анықталды. Аталған құқық бұзушылық бойынша оған ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 6-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды.

Аталған дерек бойынша құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен ол 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, көлік айыппұл тұрағына қойылды.

Айта кетейік, мереке және демалыс күндері елорда аумағында 40-тан астам мас күйінде көлік жүргізген жүргізуші анықталып, жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 27 наурызынан 29 наурызына дейін Астана қаласында "Қауіпті жүргізуші" атты жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіліп, құқық бұзушыларға қарсы жүйелі тексерулер жүргізілуде.

Полиция тұрғындарға жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды және мас күйінде көлік тізгіндемеуді ескертеді. Мұндай әрекеттер адам өміріне қауіп төндіріп қана қоймай, заң алдында қатаң жауапкершілікке әкеледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: