Алматыда танымал блогер Молдахан Әділетхан ұсталды
Cурет: Instagram/adiletkhan
Қазақстандық танымал блогер Молдахан Әділетхан Алматы қаласында ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әділетхан әлеуметтік желілердің белсенді қолданушысы болып табылады. Оның Instagram парақшасына бір миллионнан астам адам жазылған.
Ол көпшілікке өзінің ашық құқықтық қызметі арқылы танымал болған. Парақшасындағы мәліметке сәйкес, адвокат азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істер бойынша заңгерлік кеңес береді.
Оқиғаға қатысты түсініктеме алу үшін тілшілер құқық қорғау органдарына жүгінді. Онда 2026 жылғы 31 наурызда күдіктінің уақытша ұстау изоляторына қамалғаны нақтыланды.
"Алматы қаласының Полиция департаменті азамат М.-ға қатысты жалған ақпарат тарату фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді тіркеді. Тергеу жалғасуда". Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі
Бұған дейін Ішкі істер министрлігінің Криминалдық полиция департаментінің қызметкерлері Жамбыл облысы аумағында халықаралық іздеуде жүрген ерлі-зайыптыны ұстағаны туралы хабарланған еді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript