Астанада танымал блогер қамауға алынды

Астанада танымал блогер қамауға алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.08.2025 13:10 Сурет: видео скрині
Астанада даулы видео жариялаған танымал блогер қамауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полицияның хабарлауынша, блогер әрі көңіл көтеру орнының арт-директоры жұрттың назарын аудару үшін әдепсіз бейнелер жариялаған.

Видеода мекеме қонақтарына тиіскен сәттері, бейәдеп қылықтар мен балағат сөздер бар. Бұл жазбалар қала тұрғындарының ашу-ызасын тудырған.

33 жастағы азамат қоғамдық тәртіпті бұзғаны және айналасындағыларға құрметсіздік көрсеткені үшін 15 тәулікке қамауға алынды.

Полиция қаралым мен "лайк" үшін заңды бұзуға жол берілмейтінін ескертті. Мұндай әрекеттер заңға сәйкес қатаң тоқтатылады.

"Блог жүргізетін азаматтар арандатушы немесе қорлайтын материал жариялау жауапкершілікке әкелетінін ұмытпауы тиіс. Интернет те заң мен моральдан тыс емес, - делінген хабарламада.

Түркістан облысында ақша бопсалады деген күдікпен блогер ұсталған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: