Электрон білезіктен құтылмақ болған ақмолалық қайта қамауға алынды

Электрон білезіктен құтылмақ болған ақмолалық қайта қамауға алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.02.2025 18:57 Сурет: Zakon.kz
Электрон білезіктен құтылып, заңды елемеген ақмолалық қайта қамауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ақмола облысының 45 жастағы тұрғыны, бұрын есірткі қылмысы үшін сотталған азамат, мерзімінен бұрын шартты түрде босатылып, пробация қызметінің бақылауына алынған еді. Алайда заң талаптарын сақтамай, белгіленген тәртіпті бұза берген – ай сайынғы есепке бармаған, еш жерде жұмыс істемеген, қарт анасымен бірге тұрып, өз жолына түспеген.

Осыдан кейін аудандық пробация қызметкерлері жеке бақылауды күшейтіп, сотталушыға электрон білезік тақты. Бұл құрылғы оның барлық қозғалысын тіркеп, қадағалауға мүмкіндік берді. Алайда шектеулерге көнгісі келмеген ер адам білезіктен құтылудың жолын іздеп, ақыры оны кесіп тастаған.

Алайда мұндай әрекеті жазасыз қалмады. Пробация қызметінің талаптарын бұзғаны үшін Бурабай ауданы прокуратурасының өтініші негізінде апелляциялық сот оның қалған жазасын бас бостандығынан айырумен алмастырды.

Енді заңды елемеген сотталушы жазасының қалған бөлігін түзеу мекемесінде өтейді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: