Алматыда Строительная көшесінде құрылыс жұмыстарына байланысты қозғалыс кезең-кезеңімен шектеледі

Укладка асфальта, асфальтирование дорог, ремонт дорог, ремонт дороги, рабочие, асфальтоукладчики, машины для укладки асфальта, техника для дорожных работ, дорожно-ремонтные работы, дорожные работы, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.04.2026 10:39 Фото: Zakon.kz
Алматының Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы Строительная көшесінің бір бөлігінде құрылыс-монтаж жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілетінін хабарлады.

Аталған жұмыстар "Алматы қаласында Батыс кәріз коллекторын салу" инфрақұрылымдық жобасы аясында жүзеге асырылып жатыр. Мердігер ұйым — "Павлодар өзен порты" АҚ.

Құрылыс-монтаж жұмыстары 2026 жылы 30 наурыз бен 10 маусым аралығында Строительная көшесінде, сондай-ақ Наурызбай ауданындағы Абай даңғылы мен Строительная көшесінің (дублер) қиылысында жүргізіледі.

Осыған байланысты аталған учаскелерде автокөлік қозғалысына уақытша шектеулер кезең-кезеңімен енгізіледі. Көшені толық жабу қарастырылмаған. Бұл көлік қозғалысындағы қолайсыздықты барынша азайтып, көлік қозғалысының қолжетімділігін сақтауға мүмкіндік береді.

Аталған шектеулер ірі инфрақұрылымдық жобаны іске асыруға байланысты енгізіліп отыр. Ұзындығы 34,9 шақырымды құрайтын Батыс кәріз коллекторы Наурызбай және Алатау аудандарындағы 175 мыңнан астам тұрғынды, сондай-ақ Алматы облысының Қарасай және Іле аудандарындағы шамамен 20 мың адамды орталықтандырылған су бұру жүйесімен қамтамасыз етеді.

Қала тұрғындары мен қонақтарынан уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарап, бағыттарын алдын ала жоспарлау кезінде енгізілген өзгерістерді ескеруді сұрайды.

Қозғалысқа қатысты ақпаратты @AlmatyJoly Telegram арнасынан, әкімдіктің әлеуметтік желідегі ресми парақшаларынан, сондай-ақ 2GIS пен "Яндекс Карталар" сервистерінен білуге болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: