Ақтөбеде тұрғын үй құрылысына берілген жер сот арқылы мемлекетке қайтарылды: себебі белгілі болды

Земельный участок, земельные участки, земля, землевладение, участок земли, участки земли, территория, территории, земельная доля, стоимость земли, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.04.2026 14:42 Фото: pexels
Ақтөбеде пайдаланылмаған 1,9 гектар жер учаскесі мемлекеттік меншікке қайтарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2026 жылғы 6 сәуірде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді:

Ақтөбе облысының жер ресурстарын басқару департаментімен жүргізілген жоспардан тыс тексеру барысында, Ақтөбе қаласында орналасқан жалпы көлемі 1,9 гектарды құрайтын, нысаналы мақсаты "көп қабатты тұрғын үйлер салу үшін" берілген жер телімінің ұзақ уақыт бойы нысаналы мақсатына сай пайдаланылмай бос жатқандығы белгілі болды.

Жер иесіне жер телімін игеру туралы тиісті нұсқама берілген, алайда ол орындалмаған. Әкімшілік жауапкершілікке тартқаннан кейін, департамент тарапынан жер учаскесін мәжбүрлі түрде алып қою туралы сотқа талап-арыз берілді.

Нәтижесінде, Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен Департаменттің талап-арызы толықтай қанағаттандырылып, жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды.

Осы орайда, ҚР АШМ ЖРБК әрбір жер иесі мен жер пайдаланушыға өздеріне тиесілі жерлерді нысаналы мақсатына сай әрі тиімді пайдалану, сондай-ақ барлық заң бұзушылықтардың алдын алу қажеттігі жөнінде ескертеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: