Қарағанды облысында жолаушылар автобусы аударылды - зардап шеккендер ауруханаға тікұшақпен жеткізілді
Фото: пресс-служба акимата Алматы
Қарағанды облысында 50 жолаушы отырған автобус аударылды. Жарақат алған жолаушыларды облыс орталығына тікұшақпен жеткізуге тура келген, деп хабарлайды Zakon.kz.
КТК дерегіне сүйенсек, жол апаты Қарқаралы ауданы Бесоба ауылынан 15 шақырым жерде болды. Автобус кен орны жұмысшыларын алып келе жатып, далада, жайдақ жолда аударылған. Оқиға орнына апаттан құтқаратын медицина мамандары жеткен. Ауыр жарақат алған үш адам бірден тікұшақпен облыс орталығына жөнелтілді. Тағы 30 адам Ботақара кентіндегі ауруханаға бірнеше көлікпен жеткізілген. Олардың көбі амбулатория еміне үйіне жіберілді. Қалған жолаушылар ауруханада жатыр.
"44 науқас амбулаторияға жіберілді. Жетеуі ауруханаға жатқызылды. Түрлі жарақат алған: миы шайқалған, қолы сынған. Барлық науқастың жағдайы орташа ауыр дәрежеде. Білікті мамандар көмек көрсетіп жатыр". Дарын Дарыбаев, травматолог:
Бұған дейін Ақтауда мектеп оқушысы биіктіктен құлап қаза тапқанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript