Ақтауда жасөспірімдер жаппай төбелес ұйымдастырды – видео

Кулаки, драка, насилие, нападение, потасовка, избиение, перепалка, схватка, разборка, разборки, рукоприкладство, побои, конфликт, бой, борьба, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.04.2026 20:16 Фото: pexels
Ақтауда жастар арасындағы кезекті төбелес видеоға түсіп қалды. Оқиғаға қатысты Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Lada.kz басылымының мәліметінше, оқиға қаланың 20-шағын ауданында болған. Бірнеше адамнан құралған топ екі жігітке шабуыл жасап, оларды соққыға жыққан. Төбелестің бір бөлігін көпқабатты үйдің терезесінен жергілікті тұрғын видеоға түсіріп алған.

Оқиғаға қатысы бар барлық жасөспірімдер анықталып, ата-аналарымен бірге полицияға жеткізілген. Құқық қорғау органдары олармен және заңды өкілдерімен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Полиция қажетті материалдарды жинап, түсініктемелер алған, оқиғаның мән-жайы жан-жақты зерттеліп жатыр.

"Тексеру қорытындысы бойынша, жасөспірімдердің ата-аналары балаларын тәрбиелеу мен оқыту міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін және кәмелетке толмағандардың бұзақылық әрекеттері үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды", – делінген хабарламада.

Бұл іс бойынша материалдар кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияға жолданды. Ол жерде қосымша қаралып, тиісті шаралар қабылданады.

Сонымен қатар, жасөспірімдер профилактикалық есепке қойылған. Полиция олардың және отбасыларымен жұмыс жалғасатынын атап өтті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: