МАЭК кәсіпорнында қышқылмен жұмыс кезінде екі қызметкер жарақат алды

МАЭК кәсіпорнында қышқылмен жұмыс кезінде екі қызметкер жарақат алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.04.2026 13:29 Сурет: maek.kz
Ақтау қаласында МАЭК кәсіпорнында жұмыс барысында тұз қышқылы шашырап, екі қызметкер күйік алды. Зардап шеккендер облыстық ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға "МАЭК" ЖШС кәсіпорнында өндірістік апат ретінде тіркелген. Алдын ала мәлімет бойынша, тұз қышқылын айдау жұмыстары аяқталған сәтте ерітінді шашырап, соның салдарынан екі жұмысшы зардап шеккен. Lada.kz басылымының жазуынша, ақпаратты Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаменті растады.

Оқиға 23 сәуір күні шамамен 10:30-да болған. Алдын ала деректерге сәйкес, қызметкерлер ГТПИ-3 негізгі конденсаторын қышқылмен жуу жұмысын жүргізген. Ерітінді шланг арқылы насос көмегімен берілген.

Жұмыс аяқталып, жабдық сөндірілгеннен кейін шлангты ажырату кезінде қысымнан ерітінді сыртқа атқылаған. Шашыраған қышқыл қызметкерлердің беті мен көзіне тиген. Зардап шеккендер жедел түрде Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізіліп, оларға медициналық көмек көрсетілуде.

"Оқиға туралы жұмыс беруші белгіленген тәртіппен Еңбек инспекциясы департаментіне хабарлаған. Қазіргі уақытта жарақаттардың ауырлық дәрежесі бойынша медициналық қорытынды күтілуде. Егер ауыр немесе топтық жазатайым оқиға белгілері анықталса, арнайы тексеру мемлекеттік еңбек инспекторының қатысуымен жүргізіледі", – деді Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы департаменті басшысының міндетін атқарушы Бауыржан Кемалов.

Бұған дейін Алматы тауларында жүк көлігі апатқа ұшырағанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: