Маңғыстау облысында заңсыз балық тасымалының жолы кесілді
Фото: Zakon.kz
Маңғыстау облысы полиция департаментінің патрульдік полиция ротасының қызметкерлері патрульдеу барысында "Бекіре – 2026" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында заңсыз балық тасымалдау дерегін анықтады.
Оқиға Өмірзақ ауылы маңында болған.
Полиция қызметкерлері Lada Largus автокөлігін тоқтатып, тексеру жүргізді.
Нәтижесінде көлік ішінен жалпы салмағы 12,5 келіні құрайтын 10 бекіре тұқымдас балық табылып, тәркіленді.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 339-бабы 1-бөлігімен қылмыстық іс тіркелді.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript