Елордада кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар анықталды

Полиция, задержание, арест, задержанный , сурет - Zakon.kz жаңалық 05.05.2026 14:20 Фото: Zakon.kz
Елордада полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында рейдтік іс-шаралар өткізді.

Негізгі назар жасөспірімдердің түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз қоғамдық орындарда болуына жол бермеуге аударылды.

Рейд барысында сағат 23:00-ден кейін тұрғын үй аумағынан тыс жүрген, сондай-ақ ойын-сауық орындарында ата-анасының немесе заңды өкілдерінің қарауынсыз жүрген кәмелетке толмағандарды анықтауға ерекше көңіл бөлінді.

Сонымен қатар жасөспірімдермен және олардың ата-аналарымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Полиция еске салады: Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 442-бабына сәйкес, 18 жасқа толмағандардың сағат 23:00-ден 06:00-ге дейін ата-анасының немесе заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз қоғамдық орындарда болуы әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.

Сондай-ақ ҚР ӘҚБтК-нің 132-бабында кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына қатысты жауапкершілік қарастырылған. Рейдтік іс-шаралар нәтижесінде 59 кәмелетке толмаған құқық бұзушы анықталды.

Оның ішінде 58 дерек бойынша жасөспірімдердің түнгі уақытта тұрғын үй аумағынан тыс немесе ойын-сауық орындарында ата-анасының еріп жүруінсіз болғаны тіркелді. Сонымен қатар бір кәмелетке толмағанның қатысуымен бұзақылық дерегі анықталды. Бұдан бөлек, кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін 10 ата-ана немесе заңды өкіл әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Өзге де құқық бұзушылықтар бойынша да шаралар қабылданды. Астана қаласы полиция департаменті ата-аналар мен заңды өкілдерді балалардың бос уақытын, әсіресе түнгі мезгілде, қатаң бақылауға алып, олардың қауіпсіздігіне ерекше мән беруге шақырады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: