Астанада көрме кезінде бронды техниканың түтіндеуіне байланысты түсініктеме берілді - видео

Бронды техника, Астана, Алан, әлеуметтік желі, видео, түтіндеу, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.05.2026 11:06 Сурет: Instagram.com/sgork_official
Әлеуметтік желіде Астанадағы көрме аясында бронды техникадан шыққан түтіннің видеосы тарады. Мемлекеттік күзет қызметі аталған жағдайға қатысты түсініктеме беріп, бұл арада көліктің бұзылмағанын жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Видеодағы оқыс оқиға Астана қаласында 2026 жылы 7 мамырда өткен плац-концерт аясындағы техника мен қару-жарақ көрмесі кезінде орын алғаны белгілі болды.

ҚР Мемлекеттік күзет қызметі Instagram парақшасында аталған жағдайға былайша түсініктеме береді:

"Бейнематериалдағы жағдай бұл техниканың өрт қауіпсіздігі жүйесінің іске қосылуынан болған. "Алан" БДМ ішінде болған балалардың бірінің авариялық өрт сөндіру жүйесін іске қосатын тетікті байқаусызда басып қалуы электр сымы мен қозғалтқыш агрегаттарын тұтанып кетуден қорғайтын капотасты өрт сөндіру жүйесін штаттық режимде іске қосып жіберген. Бұл жүйе автономды жұмыс істейді және техниканың энергиямен қамтамасыз ету жүйесі ажыратылған жағдайда да іске қосыла береді.Өрт сөндіргіш құрамның шашырауы - техника ақауының белгісі емес".
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: