Тоқаев: Алмағайып кезеңде түркі мемлекеттерінің ауызбіршілікте болуы – өте маңызды

Тоқаев: Алмағайып кезеңде түркі мемлекеттерінің ауызбіршілікте болуы – өте маңызды, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.05.2026 17:15 Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев түркі елдері заман талабын ескеріп, экономика және инвестиция саласындағы ықпалдастықты нығайтуы керек екенін, ортақ мүдде жолында күш жұмылдыруға тиіс екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президенттің айтуынша, біз халықаралық геосаяси ахуал аса күрделі және құбылмалы дәуірді бастан өткеріп жатырмыз.

"Әлемдік және аймақтық деңгейдегі бәсеке күшейіп барады. Қарулы қақтығыстар, соғыстар толастар емес. Мұның бәрі әлем экономикасына кері әсер етіп жатқанын бәріміз көріп отырмыз. Таяу Шығыстағы жағдайдың салдарын көршілес аймақ елдері де сезіне бастады". Қасым-Жомарт Тоқаев

Оның сөзінше, осындай алмағайып кезеңде түркі мемлекеттерінің ауызбіршілікте болуы – өте маңызды.

"Себебі халықтарымызға ортақ сан ғасырлық шежіреміз бар. Қазіргі таңда түркі елдері заман талабын ескеріп, экономика және инвестиция саласындағы ықпалдастықты нығайтуы керек, ортақ мүдде жолында күш жұмылдыруға тиіс деп санаймын".Қасым-Жомарт Тоқаев
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: