Шымкентте полиция кәсіпкердің ұрланған тауарын қайтарды
Фото: Zakon.kz
Шымкентте полицейлер аса ірі көлемде жасалған алаяқтық қылмысты ашып, күдіктілерді ұстады.
Тергеу мәліметінше, күдіктілер жергілікті кәсіпкерге тиесілі құны 800 млн теңгеден асатын темекі өнімдерін жымқырған.
Жүк Алматы қаласынан Шымкентке логистикалық компания арқылы жеткізілуі тиіс болған.
Алайда тасымалдау барысында қаскөйлер тауардың бүкіл партиясын заңсыз иемденіп кеткен.
Жедел-іздестіру және тергеу іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері екі күдіктіні анықтап, қолға түсірді. Сонымен қатар ұрланған тауардың бір бөлігі кәсіпкерге қайтарылды.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript