Атырауда жыл басынан бері мас күйде көлік басқарған 177 жүргізушіге тосқалуыл қойылды

Полицейские, сотрудники полиции, полиция, задержание, арест, наручники, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.05.2026 10:37 Фото: Zakon.kz
17-25 мамыр аралығында республика көлемінде "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шара барысында 17 мамыр күні сағат 19:55 шамасында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Өркен ықшам ауданында Toyota Prado автокөлігін тоқтатып, тексеру жұмыстарын жүргізді. Медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, 1994 жылы туған жүргізушінің жеңіл дәрежедегі мас күйде көлік басқарғаны анықталды.

Аталған дерек бойынша автокөлік арнайы тұраққа қойылып, жүргізушіге қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйде басқару бабына сәйкес әкімшілік материалдар жинақталып, Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды.

Айта кетейік, жыл басынан бері Атырау қаласы аумағында мас күйде көлік басқарудың 177 дерегі тіркелген. Осыған байланысты полиция департаменті тұрғындар мен қала қонақтарын жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, масаң күйде көлік тізгініне отырмауға және өз өмірі мен өзгенің қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: