Мемлекет басшысы мен Кения президенті Бірлескен мәлімдеме қабылдады

Мемлекет басшысы мен Кения президенті Бірлескен мәлімдеме қабылдады, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.05.2026 15:22 Сурет: akorda.kz
Екіжақты келіссөздердің қорытындысы бойынша президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Кения президенті Уильям Руто Бірлескен мәлімдеме қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекеттер басшыларының қатысуымен ресми делегациялардың мүшелері келесі құжаттармен алмасты:

  1. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Кения Республикасы Ақпарат, коммуникациялар және цифрлық экономика министрлігі арасындағы ICT және электрондық үкімет саласындағы ынтымақтастық жөнінде өзара түсіністік туралы меморандум;
  2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі мен Кения Республикасы Жол және көлік министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
  3. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі мен Кения Республикасы Туризм және жабайы табиғат министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
  4. "Самұрық-Қазына" АҚ мен Мемлекеттік тау-кен корпорациясы (NAMICO) арасындағы ынтымақтастық туралы келісім;
  5. "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" АҚ мен Кения ғарыш агенттігі арасындағы жерді қашықтықтан зондтау, ғарыш жүйелерін дамыту және ғарыштық технологияларды қолдану саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
  6. "Астана" халықаралық қаржы орталығы мен Найроби халықаралық қаржы орталығы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум.

Сонымен қатар, Кения президентінің мемлекеттік сапары барысында келесі құжаттарға да қол қойылды:

  • Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мен Кения Республикасының Сыртқы қызмет академиясы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
  • "Қазақстанның Сауда-өнеркәсіп палатасы" ЖШС мен Кенияның Ұлттық сауда-өнеркәсіп палатасы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
  • "Kazakh Invest" ҰК" АҚ мен Kenya Investment Authority арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
  • "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ мен Кения Республикасы Экспортты ілгерілету және брендинг агенттігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум.

Бұған дейін Тоқаев Уильям Рутоға І дәрежелі "Достық" орденін тапсырғанын жазғанбыз

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: