Құтқарушылар Алматы маңындағы тауға шұғыл аттанды
Сурет: unsplash
Алматы облысында тауда құтқару операциясы сәтті жүзеге асырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ТЖМ-ның 112 пультіне Букреев шыңынан түсу кезінде 5 адамнан тұратын топтан бір адамның қалып қойып, таудан өздігінен түсе алмай қалғаны туралы хабарлама түсті.
"Оқиға орнына ТЖМ қызметкерлері жедел шықты. Құтқарушылар оның орналасқан жерін жедел анықтап, таулы аймаққа көтеріліп, жасөспірімді қауіпсіз жерге алып шықты. Медициналық көмек қажет болмады". ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Құзырлы ведомство тауға шығар алдында бағытты алдын ала жоспарлап, жақындарыңызға қайда баратыныңызды хабарлап, ауа райы жағдайы мен өз мүмкіндіктеріңізді ескеру керектігін еске салады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript