Атырау облысында жылқы жолға жүгіріп шыққан: жүргізуші оқиға орнында қаза тапты

Лошадь, лошади, кони, конь, коневодство, пастбище, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.05.2026 09:19 Фото: Zakon.kz
21 мамыр күні Атырау-Индер тас жолының 122 шақырым тұсында Lada Granta автокөлігінің жүргізушісі жылқымен соқтығысып, көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Атырау облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінен белгілі болды. Жол апаты салдарынан 56 жастағы жүргізуші оқиға орнында қаза тауып, жолаушысы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

Полицейлердің мәліметінше, жыл басынан бері үй жануарларының қатысуымен 3 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 2 адам қаза тауып, 3 адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.


"Қараусыз жүрген малдары үшін үй жануарларының иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылғанына қарамастан, мұндай деректер әлі де тіркелуде",- деп мәлімдеді құзырлы орган.

Бұған дейін ІІМ азаматтарды аккаунттар мен sim-карталарды бөгде адамдарға бермеуге шақырғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: