Владимир Путиннің Қазақстанға мемлекеттік сапармен қашан келетіндігі белгілі болды
Фото: akorda.kz
Бүгін, 2026 жылғы 25 мамырда Ақорданың баспасөз қызметі Ресей президенті Владимир Путиннің Қазақстанға мемлекеттік сапары жайлы толығырақ мәлімет ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақорданың Telegram-арнасындағы мәліметке сүйенсек:
"27-29 мамыр күндері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин мемлекеттік сапармен келеді Мемлекеттер басшылары келіссөздер барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестіктің және одақтастық қатынастардың қазіргі жай-күйін, сондай-ақ оны нығайту перспективасын талқылайды".
Сондай-ақ, атап өтілгендей:
- 28 мамырда президенттердің қатысуымен - Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер басшыларының қатысуымен Еуразиялық экономикалық форум өтеді.
- 29 мамырда Жоғары Еуразиялық кеңестің отырысы ұйымдастырылады.
Еске салсақ, 2026 жылғы 8-9 мамырда Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге жұмыс сапарымен барған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript