Түнде Астанадағы балалар ауруханасында өрт шықты

Түнде Астанадағы балалар ауруханасында өрт шықты , сурет - Zakon.kz жаңалық 25.05.2026 12:14 Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Астана қаласы Сарайшық ауданында, Қошқарбаев көшесі бойындағы балалар ауруханасының ғимаратында жертөледегі электр қалқанында өрт шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ мәліметіне сүйенсек, хабарлама түскеннен кейін 2 минут ішінде алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жетіп, өртті сөндіруге дереу кірісті.

"Қауіпсіздік мақсатында персонал мен науқастар эвакуацияланып, жақын маңдағы медициналық мекемелерге уақытша орналастырылды. Өрт сөндіру штабы құрылып, жылыту пункті ұйымдастырылды",- делінген ақпаратта.

Құтқарушылардың үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт 10 шаршы метр аумақта толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталуда.

Бұған дейін Рудныйда өртенген көпқабатты тұрғын үйден 14 адам эвакуацияланғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: