Қазақстан тумасы Санкт-Петербургте баланы атып жаралаған оқиғадан кейін ұсталды

38 жастағы Мариин театрының әртісі Санкт-Петербургте 11 жастағы оқушыға оқ атқан. Ер адамға баланың көшеде саксофонда ойнауы ұнамаған, деп хабарлайды Zakon.kz., сурет - Zakon.kz жаңалық 25.05.2026 15:18 Сурет: pexels
38 жастағы Мариин театрының әртісі Санкт-Петербургте 11 жастағы оқушыға оқ атқан. Ер адамға баланың көшеде саксофонда ойнауы ұнамаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл оқиға туралы ақпарат Ресей Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Ирина Волк мәлімдемесінен белгілі болды.

"2026 жылғы 23 мамырда кезекші бөлімге өтіп бара жатқан адам қоңырау шалып, белгісіз біреу баланы атып жаралағанын хабарлады. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері 11 жастағы баланың көшеде саксофонда ойнап тұрғанын анықтады. Бұл көрші үйде тұратын 38 жастағы ер адамға ұнамаған. Ол "жазалау" мақсатында өз пәтерінің терезесінен пневматикалық қарумен балаға оқ атқан", – деді Ирина Волк.

Қазіргі уақытта бала ауруханада ем қабылдап жатыр.

Сондай-ақ күдіктінің ұсталғаны белгілі болды.

Оған қару қолдану арқылы бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Telegram-арна Baza мәліметінше, ұсталған адам – Қазақстан тумасы Айтжан Смағұлов. Ол 2021 жылдан бері Мариинский театр-дың қосалқы құрамында жұмыс істеп келеді.

Еске салайық, бұған дейін 19 жастағы астаналық қыздың босанар алдында өз баласын сатқан жағдайы туралы хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: