Степногорскідегі дүкенде әйел адам сатушыға пышақпен шабуыл жасады
Фото: Zakon.kz
Степногорскідегі дүкендердің бірінде сатушыға пышақпен шабуыл жасалды. Оқиға сәті байнебақылау камерасына түсіп қалған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Абырой болғанда, сатушы әйел жылдам қимылдап, ауыр жарақаттардан қашып үлгерген.
Ақмола облысы полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметі аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.
"Күдікті анықталып, медициналық мекемеге орналастырылды". Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі
Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, оған сәйкес түпкілікті шешім қабылданады.
Бұған дейін Жетісу облысында өзеннен баланың мәйіті табылғанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript