Алматыда жүк көлігі ірі сауда орталығындағы жерасты қоймасында ер адамды басып өлтірді
Сурет: Zakon.kz
2026 жылғы 12 маусымда Алматыдағы "Строй Сити" сауда орталығы аумағында адам өлімімен аяқталған қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиға жерасты қоймасында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, қоймаға кіріп келе жатқан ГАЗель көлігі 1980 жылы туған ер адамды қағып кеткен. Жүк көлігі оны бірнеше метрге дейін сүйреп өткен.
Жарақат алған ер адам жедел жәрдем келгенге дейін оқиға орнында қаза тапты.
Жол-көлік оқиғасының нақты мән-жайы полиция қызметкерлері тарапынан оқиға орнында анықталуда. Редакция Алматы қалалық Полиция департаментінен ресми түсініктемеге сауал жолдады.
Бұған дейін Алматы тауларында жас жігіт квадроциклмен апатқа ұшырап, көз жұмғанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
