Атырауда жол сақшылары төрт күн ішінде 330-ға жуық құқық бұзушылықты анықтады

Центр оперативного управления департамента полиции, сотрудники полиции, видеонаблюдение, полиция, полицейские, ЦОУ, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.06.2026 12:53 Фото: Zakon.kz
10-14 маусым аралығында республика аумағында өткен "Жалған мемлекеттік белгі" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында күшейтілген жұмыстар жүргізді.

Іс-шара аясында көлік құралдары "Бүркіт", "Қорғау" және өзге де ақпараттық жүйелер арқылы тексеріліп, жол қозғалысы ережелерінің сақталуына ерекше бақылау жасалды.

Нәтижесінде төрт күн ішінде 330-ға жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде 213 жүргізуші жолаушылар мен жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзғаны, қауіпсіздік белдігін тақпағаны немесе мотошлем пайдалану талаптарын сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар бес жүргізушінің көлік құралын мас күйінде басқарғаны анықталды. Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу деректері бойынша 31 автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды.

Полиция департаменті жүргізушілерді заң талаптарын қатаң сақтауға, жол қозғалысы мәдениетін арттыруға және жолдағы қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарауға шақырады.

Өйткені әрбір жол қозғалысына қатысушының тәртіпті сақтауы адам өмірі мен денсаулығын қорғаудың маңызды кепілі болып табылады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: