Ақтөбені Атыраумен байланыстыратын жолды салып жатқан жұмысшылар жарты жыл жалақы алмаған

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.06.2026 22:40 Фото: zakon.kz
Ақтөбе облысын көршілес Атырау өңірімен байланыстыратын жолды салып жатқан жұмысшылар жалақы алмағанына жарты жылға жуықтаған. Ойыл мен Миялы арасындағы трассаның құрылыс сапасында мін жоқ. Бірақ әкімдіктегілер атқарылған жұмысқа ақша тауып бере алмай отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақтөбе облысындағы Ойыл мен Миялы арасындағы жолдың құрылысы былтыр басталған. Алғашқыда қазынадан ақша уақытылы аударылып, жұмысшылар да қызметін асыра орындаған. Биыл көктемнен бері қаржы да жоқ, жалақы да жоқ. Жұмысшылар тұрмысы төмендеп, қарыздары көбейгенін айтады. Шыдамы таусылғаннан жиналып, бүгін облыс әкімдігіне арнайы келіпті, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

"Бізге берілген шаруа орындалды. Акті орындалды. Енді алты айдан бері айлық алған жоқпыз. Кредит төленбеді. Пәтер жалдап жүрміз. Қазір сол ақша аударылса екен. Бізге де оңай емес". Жұмысшы Ербол Бекмашов

Көршілес Атырау облысын байланыстыратын Миялы-Шұбарши жолын салуға Ойыл ауданы әкімдігі тапсырыс берген. Тендер ұтқан "Қазақ жолдары-2050" компаниясы жұмысшыларға жалақының уақытылы берілмеуін шенеуніктерден көреді. Себебі, атқарылған жұмысқа қатысты құжатты әлдеқашан тапсырған. Тексеруге келген мамандар сапаға қатысты еш мін таппапты.

"Бізге бюджеттен қазір 700 млнға жақын берешек бар. Халықтың туындап жатқан жалақысы, алынатын ақшасын бере алмай жатырмыз. Себебі біз сәуір, мамыр айлары ешқандай ақша алмай қалдық. Тек сұрайтыным, бюджетте қаражат қаралып, жұмысшылар жалақы алса, ары қарай жұмысты жалғастыратын едік".Марат Ғинаятов, "Қазақ жолдары-2050" ЖШС жоба жетекшісі

Өңірдегі автокөлік жолдарына жауапты басқармадағылар да Миялы мен Шұбаршы трассасы құрылысына қатысты жұмыстың артығымен орындалғанын мойындайды. Қаржыны жақында өтетін Мәслихат сессиясында қараймыз деп отыр.

"Бүгінде мердігер мекемеге бөлінетін қаражаттың тыс қосымша жұмыс атқарылған. 500 миллион теңгеге жуық. Сол аталған қаражатты алдымыздағы Мәслихат сессиясына ұсынамыз. Қолдау тапқан жағдайда мердігер мекемеге орындалған жұмысқа қаражат төленеді".Есет Аманбаев, Ақтөбе облысы жолаушылар тасымалы және автокөлік жолдары басқармасы басшысының орынбасары

Ойыл ауданы аумағындағы Шұбаршы-Миялы тас жолының құрылыс жобасы 4 миллиард теңгедей. Осы ақшаға 17 шақырым жол салынуы тиіс. Қазір оның 80 пайызы дайын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: