Қарағанды облысында екі адам терең құдыққа құлап кеткен
Сурет: pixabay
Қарағанды облысының Шахтинск қаласында Парковая көшесінде орналасқан дүкен аумағында тазалау жұмыстары кезінде қайғылы жағдайдың алды алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Облыстық ТЖД мәліметінше, 1957 және 1960 жылы туған екі ер адам құдыққа құлап, өздігінен жер бетіне шыға алмай қалған.
"Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ қызметкерлері құтқару жұмыстарын жүргізіп, азаматтарды құдықтан шығарып алды. Құтқарылған азаматтар жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылып, кейін Шахтинск қалалық орталық ауруханасына жеткізілді". Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі
Қазіргі уақытта олардың жағдайы дәрігерлердің бақылауында.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript