Саин көшесіндегі көлік кептелісі: Алматы билігі қандай шешім қабылдады

Автобус жолағы, Алматы, Саин көшесі, көлік кептелісі, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.06.2026 19:58 Сурет: Zakon.kz
Алматыда Саин көшесінде қоғамдық көлікке арналған арнайы жолақ іске қосылғаннан бері көптеген жүргізуші көлік кептелістеріне шағымдана бастады. Қала билігі шағымдарға жауап қайырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Жолақ пайда болды, бітті, көлік кептелісі, барлығы тұралап қалды; ешқандай өзгеріс жоқ; керісінше, көлік кептелісі одан сайын арта түсті...". Әлеуметтік желі осындай пікірлерге толы.

Бұған қатысты қабылданған шаралар туралы 2026 жылғы 30 маусымда Алматы қаласының Жол қозғалысы және жолаушылар көлігі басқармасы хабарлады. Онда әлеуметтік желідегі өтініштер мен шағымдарды талдап, Саин көшесіне кіру және сол көшеге шығу бойынша пунктирлі сызық 20 метрден 40 метрге дейін ұзартылды. Бұл шаралар Қойжұманов, Жандосов, Жұманов, Қабдолов және басқалар көшелердің қиылыстары бойынша да қабылданды.

"Саин көшесіндегі автобус жолағы іске қосылғаннан кейін әлеуметтік желілерде жарияланған пікірлер мен ұсыныстар ескерілді. Соның нәтижесінде көше қиылыстарындағы кіру және шығу аймақтарында пунктирлі сызықтардың ұзындығы ұлғайтылды. Бұл жүргізушілер үшін жолақ ауыстыруды ыңғайлы әрі түсінікті етеді", - дейді басқармадағылар.

Басқармадағылар бұл жоспар пилоттық жоба түрінде іске қосылғанын еске салды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: