"Бригада" мен "Бумер" фильмдерінде ойнаған актердің денесі өзеннен табылды

Александр Высоковский, Бригада, Бумер, актер, өзен, қайғылы оқиға , сурет - Zakon.kz жаңалық 01.07.2026 21:44 Сурет: kinolift.com
Мәскеу облысында "Бригада" телехикаясы мен "Бумер" фильмінен көрермендерге таныс актер Александр Высоковскийдің денесі табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұған дейін оның жоғалғаны туралы Александр Высоковскиймен бірге балық аулауға барған ұлы хабарлаған болатын. Оның айтуынша, актер қармақты тексеру үшін суға жақындап, содан кейін ұшты-күйлі жоқ боп кеткен.

Іздеу жұмыстарына құқық қорғау органдарының өкілдері мен сүңгуірлер тартылды. Ер адамның Мәскеу облысындағы Ока өзеніне батып кеткені белгілі болды.

Тергеу комитеті РБК-ге құқық қорғау органдары ұлымен балық аулауға кетіп, кері үйіне оралмаған 1963 жылы туған ер адамның жоғалып кету жағдайларын анықтап жатқанын айтты.

Высоковский Мәскеуде дүниеге келген. Ресей театр өнері институтын (ГИТИС) бітірген. "Бригада" культтік сериясындағы Максим Карельскийдің (Макс) рөлі оған танымалдылық әкелді. Сондай-ақ ол "Инструктор", "Марш Турецкого", "Дальнобойщики", "Без права на ошибку", "Охотники за бриллиантами" сынды фильм мен сериалдарда және басқа да жобаларда ойнады.

Актердің соңғы түскен фильмі 2025 жылы шықты. "Берлинская жара" сериялында ол Адольф Гитлердің рөлін ойнады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: