Тоқаев ел ішінде толық ядролық отын циклін дамыту қажеттігін айтты
Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысы аясында Cameco Corporation атқарушы директоры Тим Гитцельмен кездесу өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақорданың хабарлауынша, Мемлекет басшысы Cameco компаниясының "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" акционерлік қоғамымен уран саласындағы 30 жылдық стратегиялық серіктестігінің нәтижесіне жоғары баға берді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның өнеркәсіпті жаңғырту және қосылған құны жоғары өндірісті дамыту бағытын дәйекті түрде іске асырып келе жатқанына тоқталды.
Президенттің айтуынша, ел ішінде толық ядролық отын циклін қалыптастыру басым бағыттардың бірі саналады.
Кездесуде атом саласындағы ықпалдастықты одан әрі ілгерілету, бірлескен жобаларды жүзеге асыру перспективасы талқыланды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript