БҚО-да 20 тонналық жүк көлігі аударылып, шашылған жемісті жергілікті тұрғындар бір сағатта жоқ қылды
Сурет: видеодан алынды
Самара-Орал тас жолының бойында жүк көлігі аударылып, жақын маңдағы ауыл тұрғындары тегін жеміске қарық болды. Көктен іздегені жерден табылған ауылдықтар бір сағаттың ішінде 20 тонна жүк тиелген көлікті "жылан жалағандай" қылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жүргізушінің айтуынша, көмек бірнеше күннен кейін келіп жеткен. Әрі бір бүйірлеп жатқан көлікті орнына қою үшін жүктен босату керек болыпты. Амалы таусылған азамат тұрғындарға жемісті тасып алыңдар деп өзі өтініш жасаған. Ауыл тұрғындары лезде әрекет еткен, деп хабарлайды astanatv.kz.
Жұрттың айтуынша, бұл аумақта жазатайым жол апаты жиі болады. Сондықтан жауапты органдар қауіпсіздікті күшейтсе дейді.
"Кезінде жол салғанда қорғандар қалды ма екен, болмаса арқалы, әулие аталарымыз жатыр ма екен? Өйткені жол жиегінде Биік қорғандар тұр. Соған байланысты жеке ойым ғой. Кеше де аударылған көлікті тұрғызу керек болды. Жүргізуші өздерің жинап алыңдар деді жемісті". Рафхат Халелов, ауыл тұрғыны
Бұған дейін Қазақстан тарихында бірінші рет қайғылы оқиғаға түрткі тайғақ жол үшін құзырлы мекеме басшысы жазаланғаны хабарланған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript