Бақыт Есімова ҚР Президенті Әкімшілігінде жаңа қызметке тағайындалды

Бақыт Есімова ҚР Президенті Әкімшілігінде жаңа қызметке тағайындалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.08.2026 09:48 Сурет: Instagram/bakhyt_esimova
2026 жылғы 10 тамызда Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Бақыт Есімова ҚР Президенті Әкімшілігінде жауапты қызметке тағайындалды. Атап айтқанда, ол Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Мемлекет басшысының өкімімен Бақыт Амангелдіқызы Есімова Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды".Ақорда

Бақыт Есімова 1984 жылғы 29 қаңтарда Павлодар облысында дүниеге келген. 2006 жылы Санкт-Петербург мемлекеттік инженерлік-экономикалық университетін тәмамдаған. Білімін "Болашақ" бағдарламасы бойынша алған.

Еңбек жолын "Қазақстан Жастар конгресі" ЗТБ атқарушы директоры аппаратының басшысы қызметінен бастаған.

2007-2008 жылдары "Сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ-да сарапшы болып жұмыс істеген.

Сондай-ақ ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Стратегиялық жоспарлау және қоғаммен байланыс басқармасының басшысы, Ақмола облысының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.

2011-2013 жылдары Ақмола облысының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы болды. Кейінгі екі жылда Ақмола облысы әкімінің аппаратын басқарды.

2015-2020 жылдары Астана қаласының Ішкі саясат басқармасының басшысы қызметін атқарды. Бұл кезеңде қала Нұр-Сұлтан деп аталған.

2020 жылғы қыркүйек пен 2022 жылғы мамыр аралығында Қостанай облысы әкімінің орынбасары болды.

2022 жылғы мамырдан бастап ҚР Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі орынбасары қызметін атқарды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: