Жетісуда көлігіне жалған нөмір таққан жүргізуші жауапқа тартылды

жол, көлік, камера, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.08.2026 11:05 Сурет: Polisia.kz
Жетісу облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 2026 жылғы 12 тамызда Жетісуда көлігіне жалған мемлекеттік тіркеу нөмірін таққан жүргізуші анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құқық бұзушылық "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде анықталған. Алматы облысының 33 жастағы тұрғыны Toyota Camry көлігіне жалған нөмір тағып, "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" автожолы бойымен жүрген.

Жүргізушінің заң бұзғаны бейнебақылау камералары арқылы тіркелген. Полиция заманауи бақылау жүйелерінің көмегімен оның жеке басын анықтап, тиісті әкімшілік шара қолданды.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, көлік арнайы мамандандырылған айып тұрағына қойылды.

Полиция мәліметінше, жыл басынан бері облыста көлік құралдарына жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттік тіркеу нөмірлерін орнатудың 23 дерегі анықталған.

Құқық қорғау органдары жүргізушілерді заң талаптарын сақтауға шақырды. Полицияның айтуынша, бейнебақылау жүйелері тәулік бойы жұмыс істейді және жол қозғалысы ережесін бұзған кез келген жүргізуші жауапкершіліктен жалтара алмайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: