Шымкенттік жүргізуші полицейлерден кек алу үшін жалған хабар берген

Полиция, полицейский, полицейские, патрульная полиция, патруль, сотрудники полиции, правоохранительные органы, погоны, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.08.2026 12:57 Фото: Zakon.kz
Ақмола облысында қалааралық автобус жүргізушісі «102» арнайы желісіне жалған қоңырау шалғаны үшін жауапкершілікке тартылды. Ер адам патрульдік полицейлер өзінен пара талап етті деп жалған хабар беріп, жасалған әкімшілік хаттама үшін кек алмақ болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға 2026 жылғы 18 тамызда Астана-Қарағанды-Алматы тасжолында болған. Патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Шымкенттен елордаға бағыт алған Van Hool маркалы автобусты құжаттарын тексеру үшін тоқтатқан.

Тексеру барысында көлік салонының зауыттық құрылымға сай қайта жабдықталмағаны анықталды. Атап айтқанда, жолаушыларға арналған орындардың орнына ұйықтайтын орындар орнатылған. Осы заң бұзушылық бойынша тиісті хаттама толтырылды. Бұл жағдай автобус иесінің наразылығын тудырған.

Біраз уақыттан кейін "102" пультіне белгісіз адам қоңырау шалып, патрульдік полицейлер одан 5 мың теңге көлемінде пара талап етіп, алғанын хабарлаған.

"Осы хабарлама бойынша полицейлер дереу тиісті шаралар қабылдады. Тексеру барысында полиция қызметкерлері автобустың орналасқан жерін анықтап, мән-жайды анықтау үшін оны тоқтатты. Жүргізуші бастапқыда "102"-ге қоңырау шалғанын жоққа шығарды", – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Қайта тексеру кезінде жүргізуші ізін жасыруға тырысқан. Ол полицияға хабарласқанын үзілді-кесілді жоққа шығарып, қоңырау шалған SIM-картаны да лақтырып жіберген. Алайда полицейлер оның қоңырауға қатысы бар екенін дәлелдеді.

Дәлелдер болғандықтан ер адам кінәсін мойындап, патрульдік полицейлерге ашумен және өзіне салынған айыппұлға кек ретінде жала жапқанын түсіндірді.

Нәтижесінде құқық бұзушыға арнайы қызметтерді жалған шақырғаны үшін тағы бір әкімшілік хаттама толтырылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: