Тоқаев: Сайлауға қатысу – ел тағдырына бейжай қарамаудың белгісі

Референдум, выборы, избирательный бюллетень, бюллетень, бюллетени, избирательная урна, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.08.2026 19:07 Фото: Zakon.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды алдағы жексенбіде өтетін Құрылтай сайлауына белсенді қатысуға шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы халыққа үндеуінде сайлауға қатысу азаматтық жауапкершіліктің маңызды көрінісі екенін айтты.

Сайлауға қатысу дегеніміз – халықтың өз ықтиярын білдіру, ел тағдырына бей-жай қарамай, азаматтық жауапкершілік таныту, ел игілігі үшін өнегелі іс жасау деген сөз", – деді Тоқаев.

Президент әсіресе жастардың сайлау процесіне белсенді араласуы маңызды екенін атап өтті.

"Қазақта "Келісіп пішкен тон келте болмас" деген мақал бар. Азаматтарды, әсіресе, жастарды сайлауға келіп, өз таңдауын жасауға, яғни Қазақстанның табысты дамуына үлес қосуға шақырамын", – деді ол.

Тоқаевтың айтуынша, соңғы жылдары елдің саяси мәдениеті артып, азаматтар мемлекеттік басқару ісіне белсендірек араласа бастаған.

Ол бұл үдерісті жүргізілген реформалардың нәтижесі деп бағалады. Президенттің сөзінше, жаңа Құрылтайда әртүрлі көзқарастар тоғысып, елдің болашағына қатысты маңызды бастамалар талқылануы керек.

"Халқымыздың дауысы қастерлі Отанымыздың тұғырын бекемдеуге, нағыз озық ел болуымызға тікелей ықпал етері анық", – деді Мемлекет басшысы.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: