Маңғыстауда пойызға отырғызу кезінде ер адам қайтыс болды
Сурет: Zakon.kz
"Маңғыстау – Орал" бағытына қатынайтын пойыздардың біріне жолаушыларды отырғызу кезінде ер адам қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Lada.kz сайтының мәліметінше, қайғылы оқиға 3 қыркүйекте Маңғыстау станциясында болған. "Жолаушылар тасымалы" АҚ мәліметінше, пойызға отырғызу кезінде ер адамның жағдайы кенеттен нашарлаған.
"Болған жағдай туралы дереу вокзал кезекшісі мен желілік полиция қызметкерлеріне хабарланды. Оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы шақырылды. Өкінішке қарай, оқиға орнына жеткен медицина қызметкерлері жолаушының өлімі фактісін тіркеді", деп хабарлайды "Жолаушылар тасымалы" АҚ.
Маңғыстау станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері барлық қажетті процессуальдық шараларды жүргізді. Аталған оқиғаға байланысты пойыз кестесінен кешігіп аттанды.
Бұған дейін Алматыда жеке үйдің дәретханасынан ер адам асылулы күйінде табылғаны хабарланған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript