Алматыда жеке үйдің дәретханасынан ер адамның денесі табылды

Полиция, Алматы, жеке сектор, дәретхана, ер адам, қайғылы оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.09.2026 17:10 Сурет: polisia.kz
Алматының жеке секторында қайғылы жағдай тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі 2026 жылы 2 қыркүйекте Жетісу ауданындағы жалға алынған жеке үйлердің бірінен ер адамның денесі табылғанын хабарлады.

"Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам ауладағы дәретханада өзіне-өзі қол жұмсаған.Анықталғандай, ол осы үйде ағасымен бірге тұрған. Қолда бар мәліметке сәйкес, ер адам жұмыс істеген, қалыпты өмір салтын ұстанған. Алкогольді ішімдікке немесе басқа да зиянды әдеттерге әуес болмаған", деп нақтылайды ПД-дан.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы мен себептері анықталуда.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: